Газиантептегі объектілердің бірінде біздің құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды тірідей шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеода қазақстандық құтқарушылар қираған конструкциялардың астында және сол жерден адамдарды жоғарыдағы түрік әріптестеріне жеткізіп жатыр.
"Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды.
Жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанымен аса күрделі жағдайларда жүргізілді.
Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылды", - делінген хабарламада.
Түркияның Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жойқын жер сілкінісі салдарынан 12 391 адам қаза тауып, 62 914 адам жарақат алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!