Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан әйелді құтқарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы қазақстандық құтқарушылардың жұмысы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы қазақстандық құтқарушылардың жұмысы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ Telegram-арнасындағы мәлімет бойынша, видеода қазақстандық құтқарушылар түркиялық әріптестерімен бірге құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары нысандарға бекітілген болатын. Өткен тәулікте бірінші топ өте көлбеу келген алты қабатты үйді зерттеді, үй шөгіп жатыр, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Блоктан шығару және үйге кіру жүргізілді, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесі табылып шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жүріп жатыр.

Екінші топ толығымен қираған 9 қабатты екі үйді зерттеді, сонымен қатар жергілікті құтқарушылармен бірге тірі адамды - зардап шеккен әйелді шығарып алды. Осы нысанда құтқарушылар 1 адамның денесін тапты", - делінген хабарламада.

Қиранды орнында күрделі жағдай қалыптасқан. Құтқарушылар үйінділер арасынан адамдарды жылдам іздестіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқаны айтылған. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети