Қазақстандық студент қыз Түркияда өлі табылды. Түркия БАҚ-тарының мәліметінше, қыз өзінің үйінде өлі табылған, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
Қазақстандық студент қыз Түркияда өлі табылды. Түркия БАҚ-тарының мәліметінше, қыз өзінің үйінде өлі табылған, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
Телеарнаның мәліметінше, қыздың денесін достары тапқан. Денесінде зорлық белгілері жоқ екені айтылады. Жергілікті полиция тергеу жұмыстарын бастады. Қыз 21 жаста болатын, Түркиядағы ЖОО-лардың бірінде оқыған.
"Дәл қазір біз білетін мәліметтер осы. Қазақстанның СІМ өкілдері әзірше оқиғаға қатысты пікір білдірмеді", - делінген телеарнаның 29 наурызда жариялаған сюжетінде.
CNN Türk мәліметінше, қыздың есімі - Елдана Қахарман. Студент қыз Фырат университетінде оқыған, жекеменшік Kanal 23 телеарнасында журналист болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, ол YouTube хостингінде өзінің арнасын жүргізіп отырған.