Түркияда құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярованың жағдайы туралы не белгілі?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярованың жағдайы туралы не белгілі? Сабина Мамадьярова / әлеуметтік желіден

Сыртқы істер министрлігі Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярованың денсаулық жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярованың денсаулық жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярованың жағдайы бойынша. Ол Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында екені белгілі. Кеше жараланған қолына ота жасалды, жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен үнемі байланыста, оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Бүгін консул өзі барды", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети