Түркияда оқып жатқан қазақстандық студенттерді университеттер қабылдауға дайын

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда оқып жатқан қазақстандық студенттерді университеттер қабылдауға дайын Фото:elements.envato.com

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркиядан студенттер мен қандастарды жедел түрде қабылдауға дайын. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркиядан студенттер мен қандастарды жедел түрде қабылдауға дайын. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр әңгіме қазақстандық студенттер мен қандастарға қатысты екенін түсіндірді.

"Қазір Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Біз осы қиын кезеңде Түркияда оқитын студенттеріміз бен қандастарды қазақстандық жоғары оқу орындарға қабылдауға дайынбыз. Ол үшін арнайы құжат қабылдау тәртібін өзгерттік. Бұрын сессиялардан, жазғы демалыстардан кейін болатын болса, енді жыл бойы қиын жағдай туындағанда біздің университеттер қабылдауға дайын. Қазірдің өзінде құжаттар тапсырылып жатыр", - деді Нұрбек.

Кейінгі мәлімет бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36 мыңнан асты.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның бірнеше провинциясында екі күшті жер сілкінісі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети