16 шілде 2016 15:22

Түркиядағы жағдайға байланысты Сыртқы істер министрлігі жедел желі ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters/ Tumay Berkin © Reuters/ Tumay Berkin

Түркиядағы қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатқан азаматтарымыздың сұрақтарына жауап беру мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігі Астанада "жедел телефон желісін" ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, Қазақстан мен Түркия арасында әуе қатынасын қалпына келтірудің мүмкін мерзімдеріне байланысты сұрақтар бойынша келесі телефон номерлері арқылы хабарласуға болады: (+7-7172) 720486 (19.00-ге дейін), +7-7023063417, +7-7013829890. Түркиядағы жағдайдың дамуы бойынша жалпы сұрақтарға жауап алу үшін келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: (+7-7172) 720250 (19.00-ге дейін), +7-701-7776447", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесінің Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесе азаматтардың Түркия аумағындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы жағдайдың өзгеруіне байланысты қарастырылып жатқаны хабарланды. Рейстер Түркиядағы жағдайдың қалпына оралуынан кейін бірден қайта ашылады. Ведомство өкілдері қабылданған шешім туралы хабарламаның БАҚ арқылы қосымша таратылатынын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети