20 ақпан 2023 09:00

Түркиядағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен ғимараттар саны есептелді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы жер сілкінісінен 105 мыңнан астам ғимарат зардап шеккені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TRT Haber арнасына сілтеме жасап.


Түркиядағы жер сілкінісінен 105 мыңнан астам ғимарат зардап шеккені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TRT Haber арнасына сілтеме жасап.

Қоршаған ортаны қорғау, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігінің мәліметінше, барлығы 830 783 ғимарат сараптамадан өткен.

Сараптамалар барысында 105 794 ғимарат қатты бұзылып, шұғыл бұзуды қажет ететіні анықталды.

Тағы 24 464 ғимараттың орташа зақымданғаны, 205 86 ғимараттың жеңіл зақымдалғаны айтылды.

407 786 ғимарат жер сілкінісінен бүлінбеген және бұзылмаған деп танылды.

19 ақпанда Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 40 689-ға жеткенін мәлімдеді. Ол Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарының көпшілігінде іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети