Анталья - Кемер тасжолына ракеталық шабуыл жасалуына байланысты Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаменті мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін БАҚ-та 2016 жылы 14 қазанда Анталья - Кемер тас жолында түркиялық Анталья провинциясына зымыранмен шабуыл жасалғаны хабарланған. Зардап шеккендер жайлы хабар жоқ. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр.
"Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаменті Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен байланыста, жағдайдың қалай өрбіп жатқанын бақылауда және Түркияда демалып жатқан қазақстандық туристтерді қауіпсіздік шараларын сақтауды шақырады", - делінген хабарламада.