05 тамыз 2014 | 16:40

Түркиядағы сәтсіз демалысы үшін ақша талап етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Diana Nazarova ©Diana Nazarova

Израильден Түркияға бірнеше күн бойы ұша алмай қалған қазақстандық турист Диана Назарова Астанадағы турфирмаға талап қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тель-Авив әуежайы маңына палестиналық зымыран құлаған кезде әуе қатынасы тоқтатылып, Түркиядан Израильге бір күнге келген қазақстандық туристер тобы сол жақта қалып қойған болатын. Қысқамерзімді саяхатты олар TezTour компаниясының түрік өкілдігінен сатып алған.

Иконка комментария блок соц сети

Қыз өзінің арызында Израильде басынан кешкендерін баяндаған. "Хатта мен қандай жағдайға тап болғанымызды, бізді еріксіз түрде Палестинаға әкелгендерін жаздым. Бізге - қазақстандықтарға жалған ақпарат берілді, біздің жағдайымызды ешкім білмеді, тамақтандырмады. Соған байланысты мен тур мен билет құнын қайтаруды талап еттім", - дейді Назарова. Айта кетейік, бұл оқиға кезінде Назарованың күйеуі мен балалары түрік жағалауында қалған, ал Диана Киев арқылы Астанаға оралуға мәжбүр болды. Ол Түркиядағы демалысын жалғастыра алмады.

Турагенттік өкілдері форс-мажор жағдай болғанын алға тартып, қыздың арызын қабылдамады. "Қазақстандық туристер таңдаған және сатып алған қызметтерін көрді. Қызмет сапасына қатысты кінә жоқ. Наразылық түрік билігінің Газа секторындағы әскери операциялардың салдарынан Түркиядан Израильге ұшуларды тоқтатуына байланысты болып отыр. Мемлекеттік биліктің әрекеттілігі мен әрекетсіздігі - форс-мажор жағдай, яғни тараптардың сындарлы бақылауынан тыс. Мұндай жағдайлар тараптарды өз мойнына алған міндеттемелерді орындау жауапкершілігінен босатады", - делінген турфирманың Назароваға бағытталған жауабында. Назарованың күйеуі Израильге саяхатты ұсынған түркиялық фирмаға қатысты талап арыз жазды. Әзірше жауап жоқ.

Еске сала кетейік, Диана Назарова және тағы бір топ қазақстандық турист Израильден Түркияға ұша алмай қалған еді. Жағдайға қазақстандық елшілер мен Израильдегі консул араласты. Бірнеше күннен соң туристердің бәрі Түркияға ұшып кетті, кейбірі елге келді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети