Түркиядағы танымал шипажай маңында алапат өрт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Мармарис шипажайы маңындағы орманды аймақтан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hurriyet басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Мармарис шипажайы маңындағы орманды аймақтан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hurriyet басылымына сілтеме жасап.

Эгей жағалауындағы Мұғла провинциясында ауа температурасы маусымдық көрсеткіштен асып кеткенде ірі орман өрті басталған. Алдымен тау бөктеріндегі ағаштар жанып, желдің әсерінен шипажай аумағына өткен.

Өрт кезінде 100 гектар орман алқабы жойылды. Алдын-ала деректер бойынша, өрттің басталуына трансформаторлық қосалқы станциядағы апат себеп болған. Өртті сөндіру үшін авиация жұмылды. Бір өрт сөндіруші қаза тапты.

Мұғла губернаторы Орхан Тавли өрттің жағада байланып тұрған, бағасы 2 миллион түрік лирасына тең яхтаға өтіп, түгі қалмай жанып кеткенін айтты. Туристер мен тұрғындар арасында зардап шеккендер жайлы хабарланбады.
Түркия Метеорология ведомствосы өткен айдың соңғы 51 жылдағы ең ыстық ай болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, температураның алдағы уақытта тағы көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Еске салайық, Түркия туризм маусымын 2021 жылдың соңына дейін созуды жоспарлаған. Ел президенті коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген коменданттық сағаттың 1 шілдеден бастап толығымен тоқтайтынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети