Түркияға орман өртін сөндіруге аттанған қазақстандықтар жұмысын аяқтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Республикасындағы орман өртін сөндіруге аттанған қазақстандық құтқарушылар өз миссиясын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Республикасындағы орман өртін сөндіруге аттанған қазақстандық құтқарушылар өз миссиясын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түркия Республикасындағы табиғи өртті сөндіруге аттанған Қазақстан ТЖМ құтқарушылары өз миссиясын сәтті аяқтады. Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша, Австрия, АҚШ, Беларусь, Иран, Испания және Швейцария сияқты мемлекеттер экипажымен бірге Даламан қаласының маңындағы өрт толық жойылды", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ведомство мәліметінше, орман алқабына жайылған өртті сөндіру үшін қазақстандық құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс атқарған. Арнайы топ жалпы мөлшері 300 тоннадай болатын 80 циклды су шашқан. 18 тамыздағы жағдай бойынша бекітілген аумақта өрт оқшауланды және жойылды.

"Қазақстан ТЖМ арнайы тобының жеке құрамы міндеттерді толық орындады және бүгінде қазақстандық экипаж қашыққа ұшуға дайындалып жатыр. 20 тамызда Түркия уақыты бойынша таңғы сағат 6:00-де Даламан қаласының әкімдігі және Түркия Республикасы Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің өкілдері қазақстандық құтқарушыларды шығарып салады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 7 тамызда "Қазавиақұтқару" АҚ-ның суағар құрылғылары бар Ми-8 АМТ екі тікұшағы және орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін 16 құтқарушы Түркияға жіберілгені хабарланған болатын.

Олар үш мемлекеттің шекарасын басып өтіп, Каспий теңізі мен Қара теңізі үстімен Кавказ таулары арқылы 4500 шақырым жер жүріп, Түркия Республикасына жеткені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети