Түркиялық бақылаушы Қазақстандағы референдум туралы ойын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиялық бақылаушы Қазақстандағы референдум туралы ойын айтты

Референдумға бақылаушы ретінде келген Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухарем Аккайя Қазақстандағы дауыс беру барысына қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Референдумға бақылаушы ретінде келген Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухарем Аккайя Қазақстандағы дауыс беру барысына қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыдан екі күн бұрын Мухарем Аккайя алғаш рет Түркістанға келіп, дайындық барысын бақылаған.

"Ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді, біз қаншама күш жұмсалғанын көрдік, өйткені бәрі айтарлықтай жоғары деңгейде өтті. Бүгін таңертең бірнеше сайлау учаскелерін араладық, онда халықтың референдумға деген ықыласын көрдік. Сайлаушылар белсенділік танытып, бәрі тәртіпке сай өтіп жатқанын көрдік. Әрине, референдум жиі қолданылатын құрал емес, бірақ ол демократияға апаратын құрал", - деді Аккайя брифингте.

Оның айтуынша, референдум Қазақстан халқының болашағы үшін өте маңызды.

"Мен алдыңғы сайлауларға қатыстым, онда ақпараттық технологиялар мүмкіндігін шебер пайдаланды. Бұл - өте жақсы тәжірибе. Бұл тұрғыда үйренетін және алға жылжытатын нәрсе бар деп ойлаймын. Қазақстандық әріптестерімнен тәжірибе алу пайдалы болады деп ойлаймын", - деді ол.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушысы Олег Цепкин референдум кезінде ешқандай заңбұзушылықты көрмегенін атап өтті.

"Міндет - қауіп-қатердің алдын алу. Бұл туралы Президент сұхбатында айтты. Ел басшылығының мұндай әрекеттерге дер кезінде ден қойғаны жақсы әрі дұрыс деп аралық қорытынды жасауға болады", - деп Цепкин, қаңтардағы оқиға террористік әрекет екені анық екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети