Түрікменстан Қазақстанға дейін автожол салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан Қазақстанға дейін автожол салады Қазақстан мен Түрікменстан шекарасындағы жол © sergeydolya.livejournal.com

Түрікменстанда министрлер кабинетінің отырысында вице-премьер Дадебай Амангелдиев ел президенті Гурбангулы Бердымухамедовке Түрікменбасы - Гарабогаз - Қазақстан арасында автокөлік жолын салу туралы баяндады, - деп хабарлайды "Туркменистан сегодня"

Басылымның мәлімдеуінше, жол екіжақты қозғалыспен жасалады. Оның ені - 22,5 метр, ал ұзындығы - 225 шақырым. Бұл жол Түрікменбасыдан басталып, Қазақстан шекарасына дейін жалғасады. Сондай-ақ, қажетті инфрақұрылымдық нысандар да салынады. 

Гарабогазгол (Кара-Богаз-Гол) шығанағының үстінен ұзындығы 354 метрлік көпір құрылысы басталады. 

Түрікменстан мен Қазақстан шекарасы арасында автожол мен көпір салу елдердің өзара тауар айналысын, жүк және жолаушылар тасымалын арттыруға мүмкіндік береді. 

"Хроника Туркменистана" ақпараты бойынша, Түрікменбасы мен Қазақстанның Маңғыстау облысы арасына жол салу жоспары 2018 жылы сәуірде хабарланған.

Қазір жоғарыда аталған қалалар арасында қара жол жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети