05 тамыз 2016 10:40

Түрікменстан Қазақстанмен шекарасын уақытша жапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Түрікменстан шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтті. Қазақстандық азаматтар елге кіре алмайды, - деп хабарлайды РИА Новости Қазақстанның Маңғыстау облысы Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.


Түрікменстан шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтті. Қазақстандық азаматтар елге кіре алмайды, - деп хабарлайды РИА Новости Қазақстанның Маңғыстау облысы Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

"Түрікменстан шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, 4-8 тамыз аралығында республикаға оңайлатылған тәртіппен кіретін шетелдік азаматтар уақытша елге кіре алмайды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Департаменттегілердің айтуынша, осыған дейін жасалған келісімшарттарға сәйкес, Маңғыстау облысында тұратын қазақстандықтар Түрікменстандағы Балқан уәлаяты аумағына бес тәулік уақытта дейін визасыз кіре алады. 

"Оңайлатылған тәртіп бойынша елге кіретін қазақстандық азаматтар Түрікменстан аумағына кіріп-шығу үшін сол жердегі өткізетін пункттер арқылы кіруі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстан-Түрікменстан шекарасында "Темір-баба" пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар, онда "Болашақ" темір жол кедендік пост та жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети