Түрікменстан президенті Астанаға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан президенті Астанаға келді Үкімет баспасөз қызметі

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Түрікменстан басшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп жатыр. Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек соңғы жылдың өзінде 28 пайызға артты. Биыл 6 айда тауар айналымы $237,2 миллионға жетті.

Бүгінде ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын "Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы" жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым "Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы" учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталып жатыр

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети