Түрікменстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнеконференция форматында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев пен Түрікменстан сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиевтің төрағалығымен қазақстандық-түрікмен саяси консультациялар өткені хабарланды.

Іс-шара аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы жан-жақты пікір алмасқан.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Ашғабатқа мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қолжеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың 2022 жылғы қазандағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа, сондай-ақ түрікмен тарапының 6-шы АӨСШК саммитіне, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне және "Орталық Азия - Ресей" саммитіне қатысуына ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.

Консультациялардың қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жәрдемдесу үшін екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға уағдаласқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети