Түрікменстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға шақыруын қабыл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтемt жасап.
Түрікменстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға шақыруын қабыл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтемt жасап.
Қазақстан Президенті әңгіме барысында Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс және жаңа жетістіктер тіледі.
Мемлекеттер басшылары екі халықтың тарихи тұрғыдан жақындығын, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты атап өтті.
Сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Түрікменстан Президенті шақыруды зор ілтипатпен қабыл алды.
Мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.