Түрікменстан президенті немересімен серуендеп, сәйгүлікке отырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан президенті немересімен серуендеп, сәйгүлікке отырды Фото: ru.tgchannels.org

Өткен жексенбіде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов немересі Керіммен бірге велосипедпен серуендеп, сәйгүлікке отырды, - деп хабарлайды "Түрікменстан бүгін" ақпарат агенттігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен жексенбіде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов немересі Керіммен бірге велосипедпен серуендеп, сәйгүлікке отырды, - деп хабарлайды "Түрікменстан бүгін" ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысы "Yanardag" монументінің маңынан жүріп өтті. Ол аты аңызға айналған сәйгүліктің құрметіне тұрғызылған. Президент бұл туралы және асыл тұқымды Ақелтеке жылқысы туралы немересіне айтып берді. Велосипедпен серуендеу барысында мемлекет басшысы немересінен оқудағы жетістіктері, спорттық және шығармашылық қызығушылығы туралы сұрады. Керім атасына не үйренгенін, қандай пәндердерді оқып жатқанын, қандай тақырыптарға қызығатынын айтып берді", - делінген мақалада.

Сондай-ақ, президент немересімен бірге Ақелтеке ат кешеніне барды. Гурбангулы Бердымухамедов Тойлы, ал Керім Шаполат сәйгүлігіне отырды.

"Атпен серуендеу кезінде мемлекет басшысы немересіне түрікмен жылқысын баптаудың қыр-сырын айтты. Сондай-ақ, тарихтан қызықты мысалдар келтірді. Президент немересіне "жұмақ" сәйгүліктері туралы аңыз әңгімелер және сәйгүлікпен шабудың ерекшелігі туралы айтып берді. Мемлекет басшысы немересінің атты қалай басқаратынын бақылап, оның жігері мен құлшынысына жоғары баға берді", - делінген хабарламада.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети