Түрікменстанда қоғамдық орындарда қол ұстасқаны үшін ондаған жұп ұсталды. Полиция оларды дәстүрлі қағидаларды бұзды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Түрікменстанда қоғамдық орындарда қол ұстасқаны үшін ондаған жұп ұсталды. Полиция оларды дәстүрлі қағидаларды бұзды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Түрікменстанның Мары қаласында "қоғамдық тәртіпті" бұзғаны үшін ондаған жұп ұсталды. Олар адамдардың көзінше қол ұстасқаны үшін полицияға жеткізілді.
"Әйелім екеуміз үйден шықтық. Қасымызға полиция көлігі тоқтап, қызметкерлер жолдасым екеуміз бөлімшеге барып түсініктеме жазу үшін автомобильге отыруымызды сұрады, - дейді Мары тұрғыны. "Олар әрқайсымызды бөлек бөлмеге отырғызып, жауап алды".
Ер адам туыстарына қоңырау шалып, ерлі-зайыпты екенін заңды дәлелдеу үшін неке туралы куәлік пен төлқұжат әкелуін сұраған. Осыған қарамастан, полицейлер оларға түрікмендердің дәстүрлі құндылықтары туралы дәріс оқыған.
Қала тұрғыны осыған ұқсас "қылмыс" үшін Мара көшелерінде полицияда тағы бірнеше адамды ұсталғанын айтты.
Тұрғындардың бірі дәріс "негізінен әйелдерге арналған" деді. Оның сөзінше, лекторлар - полиция қызметкері және белгісіз шенеунік әйел - аудиториядағы әйелдерді "ұятсыз боянған" және "ер адамдармен қол ұстасқан кезде әдептілікті бұзды" деп айыптаған.
Әйелдің айтуынша, оларды мұндай енді қайталанбайды деген қағазға қол қойылғаннан кейін босатқан. Ал тағы қайталанса, проблемалар болатынын ескерткен, бірақ не үшін және қандай жаза болуы мүмкін екенін түсіндірмейді.
Басылым мәліметінше, түрікмен билігі наурызда Сердар Бердімұхамедов президенттікке келгеннен кейін әйелдерді бақылау күшейген. Ол әкесі Гурбангулы Бердімұхамедовтің орнына сайланған еді.
Сәуірде полиция көшеде тырнақ, кірпік жалғап алған әйелдерді ұстаған болатын. Полиция, сонымен қатар, әйелдерді ернін үлкейтіп алды ма деп тексеру үшін тоқтатады.
Жол полициясы жеке автокөлік иелеріне әйелдерді туысы болмаса салонға отырғызуға тыйым салды. Сондай-ақ, әйелдер көлікте алдыңғы орында отыра алмайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!