11 шілде 2023 12:49

Түрксіб аудандық прокуратурасы жастардың Желідегі экспериментіне шұғыл назар аударды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрксіб аудандық прокуратурасы жастардың әлеуметтік желідегі экспериментіне шұғыл назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түрксіб аудандық прокуратурасы жастардың әлеуметтік желідегі экспериментіне шұғыл назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мәнісіне тоқталсақ, жуырда Instagram әлеуметтік желілерінде жүкті мектеп оқушысының бейнеролигі пайда болған еді.

Бұл видеода жасөспірімдер ересектер мен уәкілетті мемлекеттік органдардың реакциясын білу мақсатында әлеуметтік эксперимент жүргізіп, жас қыз "жүкті" мектеп оқушысының рөлін сомдайды.

Әлеуметтік желідегі бейнероликке Алматы қаласы Түрксіб аудандық прокуратурасы жедел жауап берді.

"Менің анама мектеп директорының орынбасары телефон шалып, мені Түрксіб аудандық прокуратурасы іздеп жатқанын жеткізген. Мен Instagram әлеуметтік желісіне көшеде жүрген "жүкті оқушының" бейнеролигін жариялаған болатынмын. Мұндағы мақсатымыз – қоғамның "жүкті оқушылар" мәселесіне қалай назар аударатынын білу еді. Өкінішке орай Түрксіб аудандық прокуратурасынан басқа ешкім селт еткен жоқ. Мен прокуратура қызметкерлеріне "жүкті оқушының" мәселесіне дер кезінде назар аударғандары үшін ризашылығымды білдіремін", - дейді бейнеролик авторы.

Бір сөзбен айтқанда, бұл эксперимент прокурорлардың әлеуметтік желілерді жүйелі түрде бақылап, мұндай жарияланымдарға қатысты жедел әрекет ететінін дәлелдеді.

Сонымен қатар, прокуратура органдары уәкілетті органдармен бірлесіп мектептерде кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша тұрақты дәрістер өткізіп отырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети