08 қараша 2024 | 15:38

Түркістан: 800-ге жуық мектеп директоры біліктілік артыру курсына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан өңірінің мектеп директорлары "Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері" бағдарламасы бойынша оқыту курсына қатысып жатыр.


Түркістан өңірінің мектеп директорлары "Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері" бағдарламасы бойынша оқыту курсына қатысып жатыр.

Білім басқармасы және "Педагогикалық шеберлік орталығы", облыстық "Әдістемелік орталығының" ұйымдастыруымен жалпы 767 орта білім беру ұйымы басшысын біліктілікті арттыру курсынан өткізу жоспарланған. Дәрістерді Алматыдан арнайы келген "Педагогика шеберлік орталығының" тренері Берік Асубаев өткізді.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев біліктілікті арттыру курсының жүргізілу барысымен танысты. Кездесуде тренер-оқытушы және мектеп директорларымен пікірлесіп, тың жаңалықтарды бөлісті.

"Білім жүйесі және оның сапасын көтеру үнемі назарда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды салаға өзі бас-көз болып, игі бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Ұстаздардың білімін жетілдіру арқылы тәрбие бағытын ілгерілетумен қатар жаңа көшбасшыларды анықтаймыз. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен республикада алғаш рет біздің облыстың 41 педагогы арнайы менеджмент курстарынан өтті. Халықаралық деңгейде шет елдеріндегі оқу курстарында тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, үздік сала қызметкерлерін басшылық қызметке конкурссыз тағайындау мақсатында Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 150 адамнан тұратын кадрлық резерв жасақталуда. 2025 жылы да жалғасын тауып, арнайы лидерлердің кадрлық жасағын қалыптастырамыз. Мемлекет тарапынан білім саласына, оның ішінде ұстаздар қауымына жасалынып жатқан қамқорлық ерекше. Жан-жақты қолдаулар тоқтамайды. Адал еңбегіміз арқылы күш біріктіріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге атсалысайық! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

21 қазанда басталған "Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері" бағдарламасы аясындағы курс сәтті аяқталды. Оқыту 3 лекке бөлінді. Қатысушыларға сертификат беріліп, әрі қарай сүйемелдеу жүргізіледі. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуіне мұндай ауқымды іс-шаралар тұрақты өткізілмек.

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұған дейін түркістандық ұстаздар мен әдіскерлер Жапонияда "lesson study" әдісі, АҚШ-та "инклюзивті білім беру", Қытайда "техникалық және кәсіптік оқыту" бағыттары бойынша халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. Жаңа оқу жылында да осы үрдіс жалғасып, педагогтар Франция, Малайзия, Финляндия, Сингапур елдерінде арнайы тәжірибелік курстарына қатысады. Мұнда "Жайлы мектеп" пен "Мақсатты мектеп" ұстаздарына басымдық беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 491.74   530.25   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети