Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды

Түркістан әкімі Рашид Аюпов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан әкімі Рашид Аюпов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр.

Жұмыс барысымен, күнделікті, адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізілуде.

Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді.

Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсыратын болады. Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Дендеріміз сау, жақындарымыз аман болсын!", - деп жазды әкім.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети