14 желтоқсан 2019 | 21:16

Түркістан қалалық полициясының басшысы қызметінен уақытша шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда мектеп оқытушысы ұсталғаннан кейін Полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан қызметінен уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда мектеп оқытушысы ұсталғаннан кейін Полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан қызметінен уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полицей қызметтік тергеу кезінде жұмыстан шеттетілген, бұл іс қазір ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың жеке бақылауында. 

"Тергеу барысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекетіне баға беріліп, мұғалімге қарсы әрекеттерінің заңдылығы, сондай-ақ Полиция басқармасы басшысының билігін асыра сілтеген-сілтемегені анықталады", - деді ІІМ-де. 

Сонымен қатар, Данияр Мейірханның мұғалімнен кешірім сұрағаны белгілі болды. Бұл туралы Түркістан әкімі Рашид Аюпов айтты. 

"Барлық жағдай анықталғаннан кейін мұғаліммен кездестік, ІІБ басшысы одан кешірім сұрады. Сондай-ақ мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін барлық шара қолданылады", - деп жазды Аюпов Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Естеріңізге салсақ, 13 желтоқсанда Түркістан қаласындағы №15 орта мектептің дене шынықтыру мұғалімі ұсталған еді. Ол кезекші болған кезде көше дәретханасын күзетпегені анықталған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети