Түркістан: Қазығұртта жастар арасында робототехникадан облыстық турнир өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан: Қазығұртта жастар арасында робототехникадан облыстық турнир өтті Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазығұртта "Жастар лигасы-2024" атты робототехникадан облыстық турнир өтті. Сайысқа облысқа қарасты аудан, қалалардан келген 15 команда қатысты. Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов сайысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазығұртта "Жастар лигасы-2024" атты робототехникадан облыстық турнир өтті. Сайысқа облысқа қарасты аудан, қалалардан келген 15 команда қатысты. Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов сайысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

"Робототехника – бұл болашаққа апарар маңызды бағыттардың бірі. Қазығұрт ауданы жас буынның технологиялық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Біз мектептерде осы салаға назар аударып, жастардың шығармашылығын дамытуға барлық жағдай жасаймыз", – деді.

Турнир нәтижесі бойынша 1-орынды "Қазығұрт" командасы (Қазығұрт ауданы), 2-орынды "Болашақ"командасы (Қазығұрт ауданы), ал 3-орынды "Төлеби Дарын" командасы (Төлеби ауданы) иеленді.

Айта кетейік, Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің бастамасымен, Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен турнир мақсаты – жастардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттыру, білім сапасын жақсартуға үлес қосу, робот құрастыру, бағдарламалау және техникалық мәселелерді шешу дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлауды қалыптастыру, өңірдегі инновациялық бастамаларды қолдау.

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети