Түркістан: Қазығұртта “Отбасын қолдау орталығы“ ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысындағы барлық аудан-қалаларда 17 "Отбасын қолдау орталығы" жұмыс істейді. Бүгін Қазығұрт ауданында мемлекеттік отбасылық саясатты жүйелі жүргізуге бағытталған әлеуметтік нысандар қатары тағы бір жаңа ғимаратпен толықты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысындағы барлық аудан-қалаларда 17 "Отбасын қолдау орталығы" жұмыс істейді. Бүгін Қазығұрт ауданында мемлекеттік отбасылық саясатты жүйелі жүргізуге бағытталған әлеуметтік нысандар қатары тағы бір жаңа ғимаратпен толықты.

Еліміздің барлық өңірлерінде отбасын қолдау орталықтарын құру жөнінде Президент Жарлығымен бекітілген "ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат" тұжырымдамасына сәйкес, Қазығұрт ауылында аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" ашылды.

Аталған коммуналдық мемлекеттік мекеме биылғы жылдың қаңтар айында тіркеуден өтіп, орталықта 14 штаттық бірлік бекітілген. Екі қабатты ғимаратта орналасқан мекемеде қазіргі таңда 2 бөлмеден тұратын 14 жатын орын (оның ішінде балаларға арналған 8 жатын орын), 6 жұмыс бөлмесі, 2 азаматтарды қабылдау орны бар.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа әлеуметтік нысанның ашылу рәсімінде аудан әкімі Азизхан Исмаилов мекеме жұмысының маңыздылығына тоқталып, орталық қызметкерлері тұрғындардың түрлі әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесіп, отбасы институтын дамытуға қолдау көрсететініне сенім білдірді.

Бұл орталық – отбасы институтын қолдау мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер беріп, 9 бағыт бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді.

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer