Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Көгерту елді мекенінде 300 орындық мектеп пайдалануға тапсырылды. Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Оның айтуынша, өңірде салынып жатқан 50 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенде мектептерге қатысты біраз мәселе шешім табады, - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Көгерту елді мекенінде 300 орындық мектеп пайдалануға тапсырылды. Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Оның айтуынша, өңірде салынып жатқан 50 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенде мектептерге қатысты біраз мәселе шешім табады, - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Келес ауданында Көгерту елді мекеніндегі білім ордасының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі. Облыс әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында білім саласында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешеді деп жоспарланған.
"Мемлекет басшысы "Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек" дей келе білім сапасын жақсарту, ұстаздар мен оқушыларға қолдау көрсетуді тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында өңірде білім саласында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Биылдың өзінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 29 мектеп және облыстық бюджет және арнайы қордың қаржы көздерінен 21 мектеп салынып жатыр. Бұл 50 мектеп пайдалануға берілгенде өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешілетін болады", - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Бұдан бөлек, облысы әкімі алғашқы рет көптен бері жөндеу көрмеген 300-ден астам мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізілгені туралы да айтып өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, мектептерге жасалып жатқан мұндай қолдаулар, ұстаздарға шабыт береді. Сондай-ақ, жаңа мектепте білім алатын оқушыларға да білім сапасы жағынан оң әсер ететіні айтылды.
"Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұл қолдаулар ұстаздарға шабыт береді және жас ұрпақтың сапалы білім алуына оң ықпал етеді деп есептеймін. Біз оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдаймыз.
Бүгінгі ашылғалы отырған жаңа мектебіміз көршілес жатқан ауылдарда тасымал арқылы білім алып жүрген оқушыларымыздың мәселесін шешеді. Осы жаңа мектептің табалдырығын аттағалы отырған оқушыларымыз үздік оқып, ел үмітін ақтап, отаншыл азаматтар болатынына сенемін. Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын!" – дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Нысан Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен салынды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қазан айында басталған. Жалпы жер көлемі 1,96 гектарды құрайды. Жобаның жалпы құны – 1,9 миллиард теңге. Жаңадан ашылып отырған бұл 300 орындық мектепте Көгерту ауылында және осы елді мекенге жақын орналасқан ауылдарда тұратын оқушылар білім алады.
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, қазіргі уақытта Келес ауданының білім бөліміне қарасты 63 мектепте 33 669 оқушы білім алып жатыр. Аудан бойынша 2023-2025 жылдар аралығында 5 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 3 мектеп, жергілікті бюджет есебінен 2 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.