Түркістан мен Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюповқа сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан мен Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюповқа сот үкімі шықты Рашид Аюпов. Сурет: gov.kz

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот шешімі оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Рашид Аюпов Қылмыстық кодексінің 177-бабы 4-бөлігінің б-тармағында ("Алаяқтық") көзделген қылмысты жасағаны үшін, сонымен қатар 28-бап "Қылмысқа қатысу", 312-бап "Пара беру" бойынша кінәлі деп танылды.

Оған қоса, сот Аюповты 7 жыл бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыруға шешім қабылдады.

"Рашид Аюповтан мемлекет кірісіне сыбайлас жемқорлық қылмысының нәтижесінде алынған 422,8 миллион теңге өндірілсін", - деді судья Мекемтас Қажымұқан.

Айта кетейік, Рашид Аюповқа дейін Кентау қаласының әкімі болған Дәурен Махажанов 2022 жылы сот шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында 2013 жылы Аюпов премьер-министр кеңсесінің қызметкері кезінде жеке компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға ірі мөлшерде пара беруге көндіріп, бұл үшін құрылыс тендерінде жеңіске жететініне уәде бергені анықталды. Қажетті ақша сомасын алғаннан кейін оны өзіне иемденіп, ақшаның бөлігін Астанада жаңа үй, қымбат автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети