Түркістан: облыс әкімі америкалық инвестормен білім саласын дамытуға бағытталған бірегей жобаны талқылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Америка Құрама Штаттарынан арнайы келген инвестормен кездесіп, білім саласын дамытуға арналған бірегей жобаны талқылады. Қазақстанның тумасы Даяна Музан Түркістан облысында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын балабақша мен мектеп ашу бойынша әлеуметтік жобасын таныстырды. Жекеменшік білім ұясы қазақ тілін терең меңгеріп, шет тілдерін үйрететін, спорт пен музыкаға баурайтын бірегей жоба болмақ.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Америка Құрама Штаттарынан арнайы келген инвестормен кездесіп, білім саласын дамытуға арналған бірегей жобаны талқылады. Қазақстанның тумасы Даяна Музан Түркістан облысында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын балабақша мен мектеп ашу бойынша әлеуметтік жобасын таныстырды. Жекеменшік білім ұясы қазақ тілін терең меңгеріп, шет тілдерін үйрететін, спорт пен музыкаға баурайтын бірегей жоба болмақ.

Пилоттық жоба батыстың еуропалық білім беру стандарттарын сақтай отырып, білім сапасын арттыруға бағытталған. АҚШ азаматшасы оқушыларға жайлы, арнайы қалашығы бар мектепке жергілікті педагогтарды жұмысқа тартпақ. Келіссөздер барысында облыс әкімі бірегей жобаның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың айтуынша, өңірде білім сапасын арттыруға басымдық берілген.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Оның ішінде білім беру саласын дамыту, инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Жүйелі негізде біз әртүрлі елдердің инвесторларымен кездесеміз. Өңірде білім сапасын арттыруға басымдық берілген. Біз, өз тарапымыздан бұл бағыттағы жұмыстарды бюрократиясыз, қысқа мерзімде шешуге бар күшімізді саламыз", – деді Нұралхан Көшеров.

Облыс әкімі білім ошағының құрылысын жүргізетін аймақты таңдаған кезде халықтың тығыздығын, инженерлік желілер мен инфрақұрылымға қосылу мүмкіндігін ескеру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ол жобаның әлеуметтік маңыздылығына ерекше тоқталып, бұл бастаманың жас ұрпақ үшін аса қажетті екенін жеткізді.

Білім беру мекемесінің негізгі бағыты – оқушыларға сапалы әрі қолжетімді білім беру ғана емес, оларды жан-жақты дамытатын ортаны қалыптастыру. Оқу бағдарламасы тек қазақ тілі мен әдебиетін ғана емес, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі маңызды пәндерді де қамтитын болады. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша сабақтар мен үйірмелер де қарастырылған.

Сонымен қатар, мектептің оқыту жүйесіне заманауи инновациялық әдістер енгізіледі деп жоспарланған. Бұл бастама өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп, дарынды балалардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.

Жобаның жүзеге асуы өңірдегі білім саласындағы оң өзгерістердің жарқын үлгісі болмақ.

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.66  course up  530.13  course up  5.54  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro