Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Мейіржан Мырзалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Мейіржан Мырзалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мейіржан Мырзалиев 1980 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2006 жылы - М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 2011 жылы - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясат ұлттық мектебін, 2016 жылы - АҚШ-тағы Дьюк университетінде білім алған.
Еңбек өтілі:
Алматы қаласының әкімдігі: құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005); заң және әкімшілік бөлімінің басшысы (2005-2007).
ҚР премьер-министрінің Кеңсесі: индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009); бизнес-орта және инновациялар секторының меңгерушісі (2009-2011); мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013).
Дүниежүзілік банктің халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) (Вашингтон, АҚШ, 2015): ауыл шаруашылығында бизнесті дамыту бойынша тәжірибе.
ҚР премьер-министрінің Кеңсесі: ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), ҚР премьер-министрінің кеңесшісі (2017).
2017 жылы қаңтардан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін сөйлейді.
Үйленген, екі ұл және екі қыз тәрбиелеп отыр.