06 мамыр 2020 | 17:00

Түркістан облысына Сыр елінен гуманитарлық көмек жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысына Сыр елінен гуманитарлық көмек жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысына Сыр елінен гуманитарлық көмек жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға көмек көрсету туралы аймақтағы қоғам белсенділерінің бастамасын Қызылорда облысының әкімдігі қолдап, бүгін алғашқы көмек жіберілді.

Облыстық жастар мәселесі жөніндегі басқармасына қарасты "Жастар ресурстық орталығында" гуманитарлық көмекті жинау шаралары бойынша 4 мамырдан бастап штаб жұмыс істеуде.

Nur Otan партиясы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, "Жас Отан" жастар қанаты филиалы, облыстағы жас шығармашылық қоғам өкілдері, бастамашыл кәсіпкерлер (Қ.Мылтықбаев, Ж.Исаев, М.Сәрсенбаев), волонтерлардың атсалысуымен 15 тоннадан аса азық-түлік, киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған құралдар жинақталды. Бүгін Түркістан облысының су тасқынынан зардап шеккен ауылдарына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді. "СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК" ұранымен 9 автокөліктен құрылған керуен белсенділермен бірге Тағзым алаңынан аттанды. Олардың құрамында қоғам белсендісі Үйтолған Жарекеева, жас кәсіпкер Мағжан Ералиев бар. Керуен белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың арнауымен жолға шықты.

Айта кету керек, ақынның өзі де бүгінгі керуеннің құрамында.

Гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Көмек көрсетемін деушілер болса, азық-түлік, киім-кешек пен медициналық заттарды және жеке бас гигиенасына қажет құралдарды Қызылорда қаласы, сол жағалауда орналасқан "Жастар ресурстық орталғына" апарып берулеріне болады. Тел: 8 775 370 00 34, 8 702 556 51 58.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети