Түркістан облысы аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурс нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтап, оның жолын кесу мақсатында "Браконьер" өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды Елорда Инфо облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы іс-шара аясында 11 экологиялық қылмыс пен 146 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оларға 1 млн теңгеден аса айыппұл салынып, оның 800 мыңға жуығы өндірілген.
Сонымен қатар браконьерлерден айғақты зат ретінде ІІО-да тіркелмеген 7 дана тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 25 дана патрон, заңсыз ауланған 24 кг балық, 9 қоян, 3 қайық, 3 қайық моторы және моно талшықтан жасалған қытай полимед 1400 метрден асатын ау-торы тәркіленді.
Сондай-ақ тұрғындарға табиғатты қорғау заңнамаларын бұзбау керектігі, бұзған жағдайда қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасы, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, нысандар мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және жолын кесу. Осы бағытта Түркістан облысының полицейлері қарқынды жұмыс атқарды. Алдағы уақытта да заңсыз аң аулаушылар мен өсімдіктерді жоюшылармен күрес жұмыстары күшейтілмек.