Түркістан облысында 12 жастағы қыз өлі табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында 12 жастағы қыз өлі табылды

Түркістан облысы Келес ауданында суға батып кеткен 12 жастағы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Келес ауданында суға батып кеткен 12 жастағы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Абай ауылында болған.

Құтқарушылардың айтуынша, 8 мамыр түскі сағат бестер шамасында оқушы қыз "Ошақты" каналына құлап, өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға кезінде жасөспірімнің қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан. Қыз баланың мәйіті құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылып, судан шығарылды.

Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары да 4-сынып оқушысы "Ошақты" арнасының маңында жүріп, абайсызда суға түсіп кеткенін мәлімдеді.

Оны іздестіру мақсатында төтенше жағдайлар басқармасынан 2, 19 өрт сөндіру бөлімінен 4, полиция бөлімінен 8, жергілікті атқару органдардан 4 қызметкер және туыстардан 12 адам іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети