ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдан бастап Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында "Жасыл белдеу" қалыптастыру жұмыстары жүруде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, облыс әкімдігінің бастамасымен облыс орталығында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Сенбілікке өңір басшылығы, облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен департаменттер қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Бұдан бөлек, сенбілік аясында 16 аудан, қала халқы да тұрғылықты елдімекендерін тазартуға атсалысты.
Айта кетейік, Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында қала 16 секторға бөлінген болатын. Әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Биыл Түркістан қаласы бойынша 197 мың көшет отырғызу жоспарланса, осы секторлардың жұмысы нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 49 мың көшет егілген. Ал бүгінгі жалпыхалықтық сенбілік аясында облыс орталығында 24 мыңнан астам тал егілді. Шараға 33 техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ Түркістан қаласында 268 су ұңғымасын жасау жоспарланса, соның ішінде 57 су ұңғымасы іске қосылған.
Жалпы облыс бойынша 1304,9 млн. көшет егу жоспарланып, бүгінде 609,2 мың көшет отырғызылған.
Жергілікті тұрғындар да көне шаһардың жасыл қалаға айналуына белсене қатысты.