Түркістан облысында 2000 жыл бұрынғы алтын сырға табылды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында 2000 жыл бұрынғы алтын сырға табылды Кадр из видео "Хабар 24"

Түркістан облысында археологтар көне алтын сырғаларды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында археологтар көне алтын сырғаларды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Археолог Александр Подушкиннің айтуынша, шиыршық үлгісінде әзірленген алтын сырға өте жақсы сақталған. 20 ғасыр бұрын сәнқой әйелдер мен қыз-келіншектер осындай алтын әшекейлерді пайдаланған.

"Бұл шиыршық түсті сырғаның басында иненің көзіндей ғана саңылау бар. Демек, ол сырғаны байлауға арналған. Қазіргі заманның әйелдері үлкен әшекей бұйымдарға құмар келеді. Ол 2 мың жыл бұрын да солай болған. Себебі үлкен бұйым көзге жақсы көрінеді. Сақ тайпасына қарағанда қаңлылар алтынға сонша құмар болмаған. Дегенмен дәулетті адамдардың әйелдері оны сәндік бұйым ретінде қолданғанын аңғаруға болады", - деді профессор Александр Подушкин.

Археологтар үшін, әрине, бұл - өте үлкен олжа. Өйткені көне қорымдар бағзы замандардың өзінде аяусыз тоналған. Ғалымдар үшін бұл жолғы қазба жұмыстары өте сәтті болды. Олар 400 моншақтан тұратын алқа мен ақық тасы бар күміс сақина және кірпік бояуға арналған бұйымды да тауып алды. Бірақ археологтарды қатты таңғалдырғаны - алтын мен күміс әшекейлер емес, керамикалық бұйымдар.

Археологтардың айтуынша, мұнда бір кездері тіршілік қыз-қыз қайнап жатқан көне қала болған. Күлтөбе қалашығынан көне жазбалар бедерленген қыш кірпіштер де табылып жатыр. Ондағы мәтінді бүтін бір лингвистикалық материалға балауға болады. Мұндай керамикалық кестелерді оқумен әлемдік деңгейдегі палеолингвист Николас Симс-Уйльямс айналысып келеді. Ғалымдардың айтуынша, қыш кірпіштегі жазу көне арамей тілінде жазылған. Ол өз кезегінде ежелгі Қаңлы мемлекетіне қатысты тың деректерді ашуға септігін тигізеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін СҚО-дан архелогтар қола дәуіріне жататын жәдігерлер тапқанын хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети