Түркістан облысында 24 жастағы жігіт зорланған: үш ағайындыға қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында 24 жастағы жігіт зорланған: үш ағайындыға қатысты сот үкімі шықты Фото:gov.kz

Түркістан облысының Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігіттің зорлануына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігіттің зорлануына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Бұл оқиға туралы 2025 жылғы наурызда "НеМолчи.kz" қорының жазбасынан белгілі болды. Ұйымның деректеріне сүйенсек, даму деңгейі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқандары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған.

Жәбірленушінің анасы қылмысқа алты адамның, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда айыпталушылар орындығында жігіттің кәмелетке толған үш туысқаны ғана отырды.

Сот үкімі

Сот отырысы жабық режимде өтті. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары), үшіншісі топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармағы; ҚК-нің 188-бабы) айыпталды.

Жәбірленушінің адвокаты Гүлайхан Тұрcыманованың сөзінше, сот үшеуін де тоғыз жылға бас бостандығынан айырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети