Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды jcomp/Freepik

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұрат Қабденовтың сөзінше, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.

"Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр", - деп жазды ПД өкілі.

Ер адам кінәсін мойындаған.

"Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі "зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажет іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен Отырар ауданының тұрғынын бірден ұстап, қамауға алдық. Ер адам өз кінәсін мойындады", - деді Мұрат Қабденов.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 бала зорланғаны туралы ақпарат расталмаған. Алайда қазір бұл іс бойынша үш жәбірленуші бар.

Бұл дерекке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети