Түркістан облысында 300-ден аса қой күмәнді дәрі-дәрмектің кесірінен қырылып қалған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркістан облысының тұрғыны күмәнді дәрі-дәрмектің кесірінен малынан айырылдым деп есептейді. Самат Қадыровтың айтуынша, алғашында қойлар ауыра бастаған. Ферма иесі ветеринарлық дәріхананың сатушысымен кеңесіп, дәрі-дәрмек сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының тұрғыны күмәнді дәрі-дәрмектің кесірінен малынан айырылдым деп есептейді. Самат Қадыровтың айтуынша, алғашында қойлар ауыра бастаған. Ферма иесі ветеринарлық дәріхананың сатушысымен кеңесіп, дәрі-дәрмек сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

"Фармацевт ұнтақ арзанға шығатынын айтты. Ол дәріні тек 10 литр суға сұйылтып, жануарларға 5-10 грамм беруім керек деді. Мен дәл солай жасадым. Ал кешкі сағат 22:00-ден кейін 320 қой бірінен соң бірі қырылды", – дейді ферма иесі.

Самат полицияға да, мал дәрігерлеріне де жүгінді. Алайда олардың ешқайсысы көмекке асықпаған.

"Барлығы қой қос дозадан өлді деді. Өлекселерді сараптамаға апаратынын айтты. Бірақ бізде жануарлардың дәл осы препараттың кесірінен өлгені туралы ешқандай дәлел мен сараптама әлі жоқ", - дейді ферма иесі.

Ветеринариялық дәріхана оқиғаға қатысты пікір білдірмеді. Ал мал өлексесін зертханада тексерген мамандардың айтуынша, ферма иесі алдымен мал дәрігеріне хабарласып, содан кейін ғана дәрі-дәрмек сатып алуы керек еді.

"Ферма иесі бұл дәрі-дәрмекті тәуелсіз зертханаға зерттеуге өз қаражатына жібере алады. Біз өз тарапымыздан сараптамаға жібердік. Нәтижесі 9 күннен кейін болады", – дейді Түркістан облысы ветеринария қызметі басшысының орынбасары Әлмет Оразбеков.

Самат Қадыров өз құқығын сот арқылы қорғамақшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer