Түркістан облысында ауыл тұрғыны сора өсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында ауыл тұрғыны сора өсірген

Түркістан облысында сора өсірген ауыл тұрғыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында сора өсірген ауыл тұрғыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Төлеби аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғындарының бірінен хабарлама келіп түскен. Әйел адам онда өз танысының есірткіге ұқсас өсімдік өсіретінін айтқан.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды.

Осы жайтқа байланысты аудандық полиция қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Олар күдікке ілінген азаматтың жеке басын анықтап, тұрғылықты мекенжайына шықты. Полицейлер оның үйін тінту кезінде ауласында өсіп тұрған есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Полицейлер оны айғақ зат ретінде тәркілеп, сараптамаға жолдады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған өсімдіктер сора есірткі заты деп анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети