Түркістан облысында беташар жасаған ер адам жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында беташар жасаған ер адам жазаланады Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының тұрғыны карантин кезінде үшінші әйеліне беташар жасап жатқан видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының тұрғыны карантин кезінде үшінші әйеліне беташар жасап жатқан видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны журналист Гүлмира Әбіқайдың Instagram-дағы парақшасында жариялады. Әйел төрт баланың анасы және бесіншісіне жүкті екенін, ал күйеуі Ақтаулық бойжеткенге, тағы бір әйеліне беташар жасағанын айтады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гүлмира Әбіқай (@gulmir_ktk)

"Менің атым Динара. Бүгін күйеуім үшінші әйелін алды. Бүгін беташар жасады. Соған мен сіздерден өтініш сұрайын деп едім, маған көмектесе алатын қандай да бір заң бар ма?" - деп сұрады әйел видеода. 

Келесі кадрларда беташарды көруге болады. Қалыңдық ортада ақ орамал тағып тұр. Айналасында қонақтар жиналған. 

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде беташар жасағаны үшін ер адам жазаланатынын хабарлады.

"Кентау полициясы рейд кезінде ауылда карантинде беташар болғанын анықтады.  425-бап бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді. Материалдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілді", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті өкілдері.

Айта кетейік, Қазақстанда көп әйел алғаны үшін жаза жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети