18 мамыр 2020 | 10:32

Түркістан облысында бір жасар сәби коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dnpr.com.ua Фото: dnpr.com.ua

Түркістан облысында COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарға қатысты жаңа мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарға қатысты жаңа мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап.

17 мамырда өңірде коронавирус жұқтырудың 19 дерегі тіркелді. 

"Скрининг зерттеу барысында Түлкібас ауданының тұрғындарынан індет анықталды: 1985 жылы туған 2 тұрғын, 1961 жылы туған 2 тұрғын, 1963, 1974 және 1970 жылы туған адамдар. Сондай-ақ, 1995 жылы туған Арыс қаласының тұрғынынан, 2002 жылы туған Кентауда тұратын қыздан коронавирус анықталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, індет жұқтырған науқастармен байланысты адамдарды анықтау барысында 1948 жылы туған Арыс қаласының 2 тұрғынынан, 1967, 1992, 1995 жылдары туған Сайрам ауданының тұрғындарынан, 2014, 2017, 2018 және 2019 жылдары туған балалардан вирус анықталды. Бәйдібек ауданының 1962 жылы туған тұрғыны да індет жұқтырғаны белгілі болды.

"Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Оларға қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Науқастар оқшауланған. Олармен байланыста болғандар анықталып, оқшауланып жатыр. Індет анықталған орындарда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан облысында 222 адам коронавирус жұқтырған. Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 6440-ге жетті. 3256 науқас жазылды, 34 адам аурудан көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети