17 қазан 2024 | 09:40

Түркістан облысында бір мектептен 50-ге жуық дәрігер шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келес ауданына қарасты N28 "Мақташы" жалпы білім беретін мектебінен 1933 жылдан бері 50 дәрігер шыққан.


Иконка комментария блок соц сети

Келес ауданына қарасты N28 "Мақташы" жалпы білім беретін мектебінен 1933 жылдан бері 50 дәрігер шыққан.

Бүгінде солардың қатарында жаңа туған нәрестелерге ота жасайтын Қазақстандағы санаулы кардиохирургтың бірі Беркін Туркулов, елімізге танымал Сарыағаш ауданындағы емдік шипажайлардың бірінде бас дәрігер Бурабаев Мұстафа, білікті УДЗ дәрігері Артыкбек Керимбердиев, Жезқазған қала қалалық ауруханасында істейтін онестезиолог-реаниматолог Илес Нұрғазы, оториноларинголог Асанов Еркеғали сияқты тағы басқа білікті дәрігерлер еліміздің түкпір-түкпірінде медициана саласында қызмет атқаруда. Олардың барлығы N28 "Мақташы" жалпы білім беретін мектебін тәмамдаған.

"Жүз жылға жуық тарихы бар мектептен дәрігерлер ғана емес елімізге қызмет еткен азаматтар да оқыған. Олардың қатарында Лениншіл Рүстемов, Қайыпберді Ерназаров, Рәтбек қажы Нысанбаев, Жорабай Тәжібаев, Ілес Садықов, Шахыдин Қасымбеков, Ақберді Асабаев, Болатбек Анарбаев, Нұрқұл Жұмағұлов, Әбдіғани Қасымбеков, Гүлия Қасымбекова сияқты мектеп түлектерімен мақтанамыз. Білім ошағында тәжірибелі педагогтар сабақ береді. Шынында мектепте медицина саласын таңдаған оқушылар да көп",– дейді директор орынбасары.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған білім ордасында 600-ден аса оқушы білім алады. Сондай-ақ жалпы саны 78 мұғалім сабақ береді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети