ПОДЕЛИТЬСЯ
01 сәуір 2020 | 09:14
Түркістан облысында COVID-19 жұқтырған әйелдің Нұр-Сұлтаннан пойызбен келгені анықталды
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған әйелдің Нұр-Сұлтаннан пойызбен келгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған әйелдің Нұр-Сұлтаннан пойызбен келгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам туралы мәліметті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі растады.
"COVID-19 Жетісай ауданының тұрғынынан анықталды. 27 наурызда әйелдің дене қызуы көтеріліп, 30 наурызда ол Жетісайдың орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
21 наурызда Нұр-Сұлтаннан пойызбен шығып Қарағандыға келген. Ол пойыз әрі қарай Павлодар - Қызылорда бағытымен кетіп бара жатқан. 22 наурызда вокзалда 6 сағат отырған соң ол Петропавл-Қызылорда пойызына отырған. 23 наурызда пойыз Шымкентке жеткен. Сол жақтан ол көлігімен Жетісайға жетіп алған", - делінген хабарламада.
Бүгінде ол әйелмен 16 адамның байланыста болғаны анықталды. Олардың бесеуі Нұр-Сұлтанда, 11-і Жетісайда екен.
Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 348-ге жетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также