1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 348-ге жетті

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркеледi, - деп хабарлайды Сoronavirus2020.kz сайты.

Коронавирус бойынша жаңа жағдайлар Шымкент қаласында және Түркістан облысында тіркелген. Жалпы 348 науқас анықталды.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам

Алматы қаласында - 82 адам

Қарағанды облысында - 13 адам

Ақмола облысында - 10 адам

Атырау облысы - 16 адам

Жамбыл облысында -3 адам

Шымкент қаласында - 3 адам

Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам

Алматы облысында - 8 адам

Ақтөбе облысында - 3 адам

Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам

Павлодар облысында - 1 адам

Маңғыстау облысында - 1 адам

Қызылорда облысында - 18 адам

Батыс Қазақстан облысында - 2 адам

Түркістан облысында - 5 адамтіркелді.

Еске салайық, елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Алғашқы науқас, 64 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы хабар 26 наурызда белгілі болды. Кейінірек әйелдің Алматыға құдалыққа барғаны анықталды.

31 наурызда тағы бір науқас коронавирустан қайтыс болды. 50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!