24 мамыр 2022 | 07:08

Түркістан облысында екі бала суға батып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркістан облысында екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды 24.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды 24.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, өзенде шомылып жүрген ұлын таппай қалғанын айтып көмек сұраған. 

"Оқиға орнына Бәйдібек АПБ-нің бастығы бастаған жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері, төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері жедел жетіп, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Бірнеше сағатқа ұласқан жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полицейлер Бөген өзенінен 2 жасөспірімнің мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полицияның мәліметінше, 16 мамырда 2012 жылғы 4 жасөспірім суға түсуге өзенге келген.

"Олар Бәйдібек ауданы Шалдар ауылындағы Бөген өзенінің 2 метр тереңдіктегі жеріне түскен.  Оқиға орнын қарау барысында балалардың киімдері мен велосипедтері табылды. Бүгінде бұл дерек Бәйдібек АПБ-де тіркеліп, тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная