Түркістан облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, үш адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, үш адам қаза тапты Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысында жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты. Апат салдарынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты. Апат салдарынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты 13 сәуір күні сағат 19:00 шамасында Сарыағаш-Шымкент тасжолында болған.

"Ішінде 30-ға жуық адамы бар Yutong автобусы Шымкент бағытына қарай келе жатқан. Осы уақытта қарсы жолаққа Audi 100 автокөлігі шығып, автобуспен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттары бар автобустың төрт жолаушысы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр", - деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында тергеу-жедел тобы, аудандық ішкі істер бөлімі мен прокуратураның басшылығы жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети