30 мамыр 2021 | 16:06

Түркістан облысында жоғалған жігіттерді іздестіру қалай жүріп жатыр? Полиция жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен

Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен екі туристі іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен екі туристі іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бесінші тәулік қатарынан алты бағытқа бөлініп, құтқару жасақтары бір метр сайын Өгем тау өзені шатқалдары мен жағасын тексеріп жатыр. Олар тауда түнейді.

Осы күндері мемлекеттік парк аумағындағы 40 000 гектар жер жаяу тексерілді. Тікұшақ бүкіл Сайрам-Өгем мемлекеттік паркін айналып өтті - 149 000 гектар", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер, құтқарушылар, шекарашылар, парк қызметкерлері жоғалып кеткен екі туристі табу үмітімен іздеуді бір минутқа да тоқтатқан жоқ, деді полиция өкілі.

Еске салайық, 27 мамырда Түркістан облысы тауларында жеті турист жоғалып кеткен болатын. Назарбаев университетінің баспасөз қызметі жоғалып кеткен саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. 

Кейін жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуі табылғаны хабарланды. Олар екі топқа бөлінген. 29 мамырда ТЖМ ресми өкілі Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылғанын мәлім етті. Тағы екі жігітті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети