Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды Видеодан алынған кадр

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстады. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Аймаққа "Қазавиақұтқару" АҚ 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалды. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, Полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін жоғалған үш турист аман табылса, екеуінің мәйіті табылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети