Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 13:10-да Түркістан облысы Төле би ауданының Айғыржыққан және Өгем өзендерінің қосылған тұсынан 500 метр қашықтықта жоғалған туристердің заттары (жемпір, аяқ қиім, ұйықтауға арналған қап) табылғаны хабарланды.
"ТЖМ құтқарушылары оларды полиция қызметкерлеріне табыстады. Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды", - дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақта "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен аэровизуалды барлау жұмыстары жүргізілді. Іздестіру жұмыстары 15 тәулік бойы жүріп жатыр. Оған Түркістан облысы ТЖ, Полиция департаменттерінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 137 қызметкер, 17 техника, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылды.
Іздеу жұмыстары тоғыз бағытта жүріп жатқаны мәлім.
Бұған дейін Өгем өзенінің бойынан Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылған еді.
Еске салайық, жоғалған жеті туристің үшеуі құтқарылды, екеуі өлі табылды. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!