08 маусым 2021 | 13:29

Түркістан облысында жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз табылды

Камила Долаева Журналист

Түркістан облысының полицейлері Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы мектеп оқушысын тапты. Қызды іздеу жұмыстары 4 күнге созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полицейлері Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы мектеп оқушысын тапты. Қызды іздеу жұмыстары 4 күнге созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел және мобильді топтар 4 тәулік ішінде жақын маңдағы барлық ауылды, ауылда орналасқан барлық көше мен қараусыз қалған ғимаратты шарлап, қызды сыныптастары мен достарынан, туыстары мен таныстарынан сұрастырып шықты. Жоғалған қыздың суреттері әлеуметтік желілер мен барлық БАҚ-та тарады. Алайда бәрі бекер болып шықты. Ешкім оның қайда екенін білген жоқ.

"Жедел уәкілдер қызды табуға үміттеніп іздеу шеңберін кеңейтті, мегаполиске шықты. 7-8 маусымға қараған түні полицейлер жасөспірімді Шымкенттің аяқталмаған ғимараттарының бірінен тапты. Олар қызды ата-анасына аман-есен табыстады. Қазіргі уақытта полицейлер қыз неге отбасынан қашып кеткенін анықтап жатыр", - деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының Жетісай ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы Таған Әсияның хабар-ошарсыз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Жасөспірім 4 маусымда түскі астан кейін үйінен шығып, оралмаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная