08 маусым 2021 | 09:05

Түркістан облысында 14 жастағы оқушы жоғалып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Түркістан облысы ПД Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысы Жетісай ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы Таған Әсия із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасы және Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысы Жетісай ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы Таған Әсия із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасы және Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірім 4 маусымда түскі астан кейін үйінен шығып, оралмаған. Қыздың ата-анасы полицияға өтініш берген. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастаған, бірақ әлі нәтиже жоқ.

Биыл Әсия сегізінші сыныпты бітірген. Оның екі әпкесі және алты ағасы бар. Анасының айтуынша, ол бұрын қызының оғаш әрекеттерін байқамаған.

"Өңірдің барлық тұрғындары мен қонақтарынан жоғалып кеткен қызыды табуға көмектесуді сұраймыз", - деді Түркістан облысы ПД өкілі. Мектеп оқушысы сол күні ақ жейде, қара шалбар және қара түсті аяқ киім киіп шыққан. Samsung Galaxy J2 маркалы телефоны болған.

Жасөспірім туралы ақпарат білетіндер болса 8 (72534) 6-70-20 немесе 102 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети